..:: ҚАРҚАРАЛЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ ПАРКІ ::..
Қарқаралы
Шайтанкөл

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы №212 арнаулы қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Мақсаты Қарқаралы және Кент кешендеріндегі өте сирек кездесетін және экологиялық, тарихи, ғылыми, әсемдік жағынан ерекше құнды тау сілемдері мен орман алабын сақтау және қалпына келтіру.

Ұлттық парктің жалпы көлемі – 90,3 мың га.
Қарқаралының ауа райы оны қоршаған аймақтарға қарағанда әлде қайда біркелкі, қоңыр салқын. Ауа райының жылдық орташа көрсеткіші 2° жылы. Шілде айында орта есеппен +18, +20° болса, қаңтар айында –12, –15° суықтықты көрсетеді. Жауын-шашынның ең көп түсетін кезі шілде айына келеді, жалпы жаздағы ылғал мөлшері 200 мм дейін болады.

Тау баурайлары шатқал-шатқал болып тілініп кеткендіктен одан бұлақтар мен өзендер ағып жатады. Олардың ең бастылары: Каркаралинка, Керала, Кендала, Аяноға және Қарасу. Бұлардың барлығы да даладағы тұзды өзендер қоймасына жатады.

Қарқаралының көгалды табиғатына ерекше сұлулық беретін Шайтанкөл, Бассейн, Пашенный және Үлкен Көл сияқты бірнеше көлдер бар. Сол сияқты тауларда жауын суы жиналған шағын-шағын бірнеше суаттар кездеседі.

Қарқаралы жерінде сүтқоректілердің 40-қа тарта түрлері бар. Олар негізінен бедерсіз бір түсті: бұлан, елік, тиін, борсық, суыр, сілеусін, қасқыр, түлкі, қоян сияқты т.б. жануарлар
Сирек кездесетін жануар – арқар Қызыл кітапқа енгізілген.
Құстардың – 114 түрі бар. Олар негізінен құр, тоқылдақ, құзғын сол сияқты бүркіт, қарабайқұс, сұңқар, үкі сияқты сирек кездесетін құстар да Қызыл кітапқа енгізілген.
Сирек кездесетін өсімдіктер түрі – 66, негізінен орман тұқымдас: қарағай, қайың көктерек, тал, арша және т.б. ағашты-бұта тектес түрлері өседі. Ал қарқаралы бөріқарақаты (барбарис), мүк сияқты өсімдіктің түрлері де Қызыл кітапқа енгізілген.

Экскурсиялық нысандар әрқашанда туристер назарында.

 
Rambler's Top100