..:: ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАР ::..
Қарқаралы Табиғат мұражайы
Табиғат музейі
– Қарқаралының Тасбұлақ шатқалындағы әдемі көріністі жерге орналасқан. Екі қабаттан тұратын ағаш үйде әр түрлі емдік шөптер фаунасы жинақталған көрме залы, түрлі силықтар қойылған зал және демалыс бөлмесі бар. 80 гектарлық қоршалған алаңға: бұғы, пони, қодас, кербұғы, бизон және т.б. жабайы аңдардың түрлері жіберілген.

Орманшы үйі – Комиссаровканың таулы қойнауында орналасқан. Бұл үй 1913 жылы салынған. Мұнда ең алғаш орманшы Л.Садовничий деген адам еңбек еткен. Ол тұңғыш Қарқаралы топырағында Сібір шыршасы мен балқарағай ағаштарын өсірген.
Іргесі көтерілгеніне 90 жылға таяу уақыт болған орманшы үйінің сыртқы көркі архитектуралық тартымдылығымен көз тартады. Бөренелерден қиып салынған екі қабатты ғимараттың терезесі, кәрніздер өрнектермен әшекейленген. Бұл ағаш үйді сәулетті етіп солған оны ою-өрнекпен қоркемдеген И.Я.Сметанкин деген шебер.

Үлкен көл – Қарқаралыға жақын орналасқан және халықтың жиі барып демалатын орны Үлкен көл. ол Қарқаралыдан 2,5 шақырым, ал Турбазадан 1,5 шақырым қашықтықты алып жатыр.
Көлдің аумағы – 2,5 шаршы шақырым, тереңдігі шамамен 4,6 метр, суы тұщы сарғыш-жасыл түстес болып келеді. Өзеннің жағалауына қарай түбі қатты, кей жері құмды, ал орта тұсында – түбі лайлы-қорысты болса шығыс жақ жағалауы қалың қамысты болып келеді. Суға түсіп, дем алу үшін өзеннің солтүстік және батыс жағалауын таңдаған дұрыс.

Үлкен шатыр – Қарқаралы қаласының солтүстігіне ала жобамен бір шақырымдай жерде қаланы орап жататын жыңғылда үлкен жаппа-тас бар. Осыны "Үлкен палатка" немесе "Үлкен шатыр" дейді. Бұл 8-10 метрлік тереңдіктен тұратын құз жартас, ені 15-20 метр, биіктігі 8 метрге жетеді. Жаппа-тастың астында ірі-ірі қойтастар бар. Осы үңгір – "Үлкен шатырға" Қарқаралының орталығынан барған дұрыс, әрі жақын, әрі қауіпсіз. Қаланың сыртында бірден жартастар мен құздар және ормандар жүруге қиындық тудырады.
Бұл үңгірде – "үлкен шатырда" жаңбырлы күндері немесе күннің ыстығынан 50-ге дейінгі экскурсанттар паналауаға болады. Осы жерден қарағанда қаланың көрінісі, оның көшелеріне дейін жақсы көрінеді. Ал, орманды таулар фонында айнадай жарқырап. Үлкен көлдің ерекше әсер қалдырары созсіз.
"Үлкен шатырдың" ең көңіл аударарлық бір көрінісі ондағы қалдырылған жазулар. Олардың көпшілігі тіпті ХХ-ғасырдың алғашқы жылдарында-ақ жазылған тәрізді. "Үлкен шатырды" Қарқаралы тауларының "үй кітабы" деп тегін айтпаған.

Пашенный көлі – Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын осы көлге жақын манда шабындық жер болған өзеннің Пашенный аталуы содан. Көл Қарқаралының оңтүстік-шығысына қарай қаладан 6 шакырым қашықтықты алып жатыр, Турбазадан қашықтығыда осы шамада. Көлге баратын жол жүруге қолайлы жайдақ-жазық.
Өзеннің аумағы бір шаршы шақырым шамасында, тереңдігі – 7 метр. Суы тұщы, бірақ ішуге болмайды. Өзенде табан балықтар мен шортандар көп, сондықтан да балықшылар жиі болып тұрады. Көлге орманнан бірнеше ұсақ бұлақтар келіп құяды. Жаңбырлы күндері де қайраң сулар да осы көлге келіп құяды. Көлге тақау жапырақты ағаштар мен биік бұталар өскен. Судың түбі лайлы, батпақты келеді.
Пашенный көлі Қарқаралының шұрайлы таулы-орманды жері, мұнда демалаушылар өте көп келеді. Көлдің шығыс жақ жағалауына Қарағанды шахтерларының демалыс үйі орналасқан.

ШайтанкөлШайтанкөл – табиғатты сүюші көпшілікке өзінің әсем сұлулығымен таныс. Ол Қарқаралы қаласынан 6 шақырым қашықтықта. Оған апаратын сүрлеу жол Каркаралинка бұлағының бойымен жоғары өрлейді және осы жерден қылқан жапырақтыың (хвой) иісіне толы асқақтаған қарағайлы орман басталады.
Шайтанкөл жартастар мен жас қарағайлардың арасынан кенеттен көрінеді. Оның ені – 70, ұзындығы – 50 шақырым шамасында. Құзды тастар мен судың сары-жасыл түсі, желдің күшімен ырғалаған қарағайдың ызыңы таулардың ортасына орналасқан Шайтанкөлдің сыры мен құпиялығын арттырып осы көл туралы түрлі аңыздардың тууына әсер етеді.

Қызыл кеніш сарайы – XIII-XV ғасырлардан қалған архитектуралық қалдықтар. Ол Қарағандыдан 260 шақырым жерде, Кент тауының шығыс жағында, Қызылсу өзенінің бойындағы Қызылкент шатқалында. Қызыл кеніш сарайы 1832 жылдан белгілі. Оқымыстылар: А.И.Левшин, Ә.Х.Марғұлан, В.Никитин, А.Чулошников, Д.Байжұмыров, Г.Броневский еңбектерінде осы сарай туралы жақсы жазылғын.
Қызыл кеніш сарайы сырттан қарағанда төмпешік болып келеді, ортасында төртбұрышты ойығы бар жер, яғни бұрынғы тастан қаланған 2 қабатты үйдің орны. Үйдің негізгі бөлімелеріне үш жағынан жапсыра салынған қосымша бөлмелері бар, олар бір-бірімен ішкі есіктер арқылы жалғасады. Үйдің оңтүстігінен кіретін жағының ені 1,5 м, биіктігі 2 м. Оның жоғарғы жағында балкон тәріздес 6 діңгекпен тірелген қалқан бар.
Қорағанның оңтүстігіне сала 25 метрдей жерде жекелеген оба тәріздес молалар кездеседі.
Жалпы Қызыл кеніш сарайы туралы әр түрлі аңыздар көп.

Құнанбай қажы мешіті – Абайдың әкесі Құнанбай 1849 жылға дейін Тобықты болысының управителі лауазымын атқарып содан кейін 1852 жылдың соңына дейін Қарқаралы дуанында аға сұлтан болған. Осы кезеңде Құнанбай Өскенбайұлы Қарқаралыдағы мұсылман жұрты үшін мешіт салғызған. Құнанбай мешіті имандылық пен адамгершіліктің орны болып әр түрлі ұлттық дәстүрлердің орталығы болып келген. Совет өкіметі кезеңінде бұл дәстүрлерге тиым салынып, әсем архитектурадағы мешіт үйі бұзылып әр түрлі шаруашылық үйі, мекемелерге айналып ақыры өзінің алғашқы келбетін жоғалтты.
Қазір Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері мешіт үйі қайтадан алғашқы қалпына келтіріліп мұсылмандардың сүйікті орнына айналды. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін сүйетіндер осы мешіттен табылады.

Ұлытау

Алашахан кесенесі – XII-XIII ғасырларда халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазар. Ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 шақырым жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.

Домбауыл кесенесі – Жезқазғанның солтүстігіне қарай 50 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауына салынған. Іргесі төртбұрышты, төбесі шошақ бұл ғимарат текше тастардан қаланған. Аймағы өңтүстіктен солтүстікке қарай 8,9 метр, батыстан шығысқа қарай 7,9 метрге созылса биіктігі 5,5 метр. Оңтүстік және солтүстік жақтарында терезелері бар

Аяққамыр кесенесі – Алтын орда кезінен қалған ескерткіш, қызыл кірпіштен салынған. Академик Ә.Х.Марғұланның пікірінше Құтылық-Темірдің моласы болуы керек. Жезді кешенінен 8 шақырым жердегі, Жезді өзенінің сол жағын ала, Қарабұлақ шатқалына салынған. Төртбұрышты формада салынған көлемі – ұзындығы мен ені бірдей 50 метрден, кесен айналасы биіктігі бір метрлік шыммен қоршалған.

Басқамыр қалашығы – Жезқазғанның солтүстік-батысына қарай 83 шақырым жерде Жезді өзенінің сол жағында. Қаланың орны Талдысай өзенінің Жезді өзеніне құятын жердегі шағын жазықта төбешік болып қалған. Төбешіктің жанындағы алаңда екі мазардан тұратын Басқамыр моласы бар. Мазарлар тәрізі ортағасырда салынуы мүмкін деген де болжам бар.

 
Rambler's Top100